Жаңа Конституция елдегі ауқымды саяси реформалардың құқықтық негізі саналады. Заңға енгізілген өзгерістер бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту көзделген. Бұл өзгерістер қоғамның ұзақ жылдар бойы көтеріп келген ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып әзірленді. Президенттің жақында жарық көрген «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағында маңызды құжатқа ерекше мән берілген.
Конституция – мемлекетіміздің ұзақ мерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешек тағдырына тікелей әсер ететін тарихи құжат. Бұл – шын мәнінде, Халық Конституциясы.