«Әділет» партиясының «Мектепке нық қадаммен!» қайырымдылық акциясы аясында Қарағандыда жүзден астам балаға көмек берілді. Оқушыларға ең қажетті мектеп бұйымдары салынған сөмке табысталды. Бұл игілікті іске депутаттар, партия өкілдері мен еріктілер атсалысқан. 1 мың баланы қамту жоспарда бар.
ЖҰЛДЫЗ САҒЫМБАЕВА, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл бағытта мемлекеттік органдармен тығыз әріптестікте жұмыс істейміз. Оларда көмекке мұқтаж отбасылар мен балалардың толық тізімі бар. Біздің партия өз тарапынан жәрдем сұрап келген ешкімді назардан тыс қалдырмайды. Мәселен, бүгінгі шараға Отбасын қолдау орталығы да өз тізіміндегі балаларды ұсынды. Бұған дейін дайындалған балалардан бөлек, осы тізімдегі отбасыларға да толықтай көмек берілді.
Игі бастама Павлодар өңірінде де жалғасын тапты. Мұнда партиялықтар 30 баланың мектепке толық дайындалуына септігін тигізген. Өңірлік филиал оқушыларға кеңсе тауарларымен қатар, арнайы ақшалай сертификаттар мен азық-түлік жиынтығын үлестірді. Маңызды жоба ай аяғына дейін жалғасады. Сондай-ақ, облыс бойынша бір жарым мыңнан астам отбасының екі мыңнан астам баласын қамту жоспарланған.
АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Акция аясында балаларды мектепке дайындау. Бұл - әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Ата-ана қамқоршылығынсыз қалған балалар және жалғыз басты ата-аналардың балалары қамтылып отыр. Балаларға мектепке арналған мектеп құралдары, мектеп киімдері және де азық түлік көмегі беріліп отыр.