$462.3 €538.07 ₽5.41
×

Үкімет отставкаға кетті

Үкімет отставкаға кетті

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Үкімет өз өкілеттігін доғарды. Сонымен қатар жаңа Үкіметтің құрамы бекітілгенге дейін қазіргі Үкімет мүшелері өз міндеттерін атқара береді. Президент Жарлығы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.