$462.3 €538.07 ₽5.41
×

Қызылжарда кәріз құдығынан әйелдің мәйіті табылды

Қызылжарда кәріз құдығынан әйелдің мәйіті табылды

Қызылжарда кәріз құдығынан әйелдің мәйіті табылды. Көше бойында орналасқан құдықтың бетінде қалқып жүрген адам мүрдесін сол маңайдағы тұрғындар байқап, полицейлерге хабарлаған. Тәртіп сақшылары марқұмның тұрақты мекен-жайы жоқ адамға ұқсамайтынын айтады. Себебі, сөмкесінде үйдің кілті мен телефоны болған. Кәріз құдығының қақпағы болмағандықтан,   әйел ішіне құлап, шыға алмай қалған деген болжам жасалып отыр. Денесінде зорлық әрекеттері байқалмайды. Дегемен, оның нақты неден қаза болғаны сараптамадан кейін белгілі болады. Сала мамандары мәйіттің қатты бүлінгенін айтады.  Сондықтан оның бет жүзін    жоғалған адамдардың тізімімен салыстыру қиынға соқпақ.

СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Қаладағы кәріз құдықтарының бірінен шамамен 40 жастан асқан әйелдің денесі табылды. Қазір марқұмның аты-жөні анықталып жатыр. Сараптама жұмысы бір ай жүргізіледі. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.