$462.3 €538.07 ₽5.41
×

Алматыда тексерілген әр төртінші көлік экологиялық норма мен талаптарға сәйкес келмейді

AstanaTV
28.08.2026ж. 19:00
Алматыда тексерілген әр төртінші көлік экологиялық норма мен талаптарға сәйкес келмейді

Алматыда тексерілген әр төртінші көлік экологиялық норма мен талаптарға сәйкес келмейді. Қалада автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтарды бақылау жұмысы жүріп жатыр. Eco Almaty компаниясының мәліметінше, биыл  мониторинг барысында 5 496 автокөлік тексерілген. Оның 1 301-і, яғни тексерілген әр төртінші көліктен пайдаланылған газдар құрамындағы зиянды заттардың белгіленген нормативтерден асып кеткені анықталған. Заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.