$462.3 €538.07 ₽5.41
×

Талғарда 8 жасар қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасамақшы болған ер адам ұсталды

AstanaTV
28.08.2026ж. 19:00
Талғарда 8 жасар қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасамақшы болған ер адам ұсталды

Талғарда 8 жасар қызға  жыныстық сипаттағы әрекет жасамақшы болған ер адам ұсталды. Анасының айтуынша,  күдікті баланы алдап,  жымысқы әрекетін іске асыруға әрекеттенген көрінеді. Қыз қашып үлгеріпті. Толығырақ әріптесім Ғазиза Әмірбек айтады.

ҒАЗИЗА ӘМІРБЕК, ТІЛШІ:

Анасының айтуынша, күдікті  көшеде велосипед теуіп жүрген қызды дөңгелекке тас тұрып қалыпты деп тоқтатқан көрінеді.  Жөндеп беремін деп сендіріпті. Алайда кейін автобустың артына қарай ертіп кетіп, жымысқы әрекетін іске асырмақ болған дейді.

Күдікті қыздың денесін сипап, автобустың артына алып келген. Оқиға орнында бейнебақылау камералары болмапты.

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

Мына жерде көріп тұрсыздар шөп, ол дәл осы жерге отырады. Отырған кезде қызымды алдына қояды. Алдына тұрғызады да қызыма айтады « шортыңды шеш, мен ана жеріңді көремін, ұстаймын» дейді.

Сол сәтте ер адам масаң күйде болған көрінеді. Бір мезетте артқа құлап кете бергенде қыз  қаша жөнелген. Үйіне жете сала жылап, ата-анасына барлығын  айтып берген. Сол маңдағы көршінің баласы да бір ер адамның балаларға тиіскенін байқапты.

БАҒИЛА СУАНБАЕВА, КӨРШІСІ:

Көп бала ойнайды бұл жерде. Сол кезде алыстан көрген екен бір мас кісі дейді. Балаларға тиісіп жүргенін көріпті. Құмда ойнап отырған балалар, өтіп бара жатып шашырады ма екен аяғына көтенінен тепті дейді кішкентай балалардың.

Жәбірленушінің анасы  бұл жағдай назардан тыс қала ма деп алаңдайды. Сондықтан дабыл қағып, құзырлылардан көмек сұрап отыр.  Полиция қылмыстық іс қозғаған, тергеу жүріп жатыр.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:             

Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша оқиғаның мән-жайларын объективті, толық және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бүгінде қаршадай қыз үйінен шығуға қорқып, ешкіммен сөйлескісі келмейді. Ал бұл жағдай жергілікті тұрғындардың да алаңдаушылығын күшейткен. Ата-аналар балаларын ойнауға, тіпті мектепке жіберуге қауіптеніп отыр.