$462.3 €538.07 ₽5.41
×

Мемлекет басшысы Астана Халықаралық университетіне арнайы ескерткіш сыйға тартты

Мемлекет басшысы Астана Халықаралық университетіне арнайы ескерткіш сыйға тартты

Астана Халықаралық университеті базасында «Әл-Фараби мен Конфуций: Ұлы ойшылдар сұхбаты» мүсіндік композициясы салтанатты түрде ашылды. Туындыны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сыйға тартқан. Екі елдің мәдени және білім беру саласындағы сабақтастығын айшықтайтын монументтің авторы - Қытайдың Ұлттық көркемөнер мұражайының директоры Вэйшань. Қазіргі таңда аталған филиалда отандық жастар қытай тілі, синхронды және ілеспе аударма бағыттары бойынша мемлекеттік грант негізінде білім алуда.

АНАР МЫРЗАҒАЛИЕВА, АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Біздің қазақтың балалары қазақстан шекарасынан аспай, осы өзіміздің елімізде, Қытайдың университетінің профессорларынан толыққанды білім алу мүмкіндігні жасалды. Оны біздің прзидентіміз қолдап отыр және ғылым жіне білім министрлігі  екі жыл көлемінжде осы екі бағдарламаға мемлекеттік грант беріп отыр.