$462.3 €538.07 ₽5.41
×

Түркістан облысында әжесі 18 жастағы немересіне, ал інісі ағасына бүйрегін берді

Түркістан облысында әжесі 18 жастағы немересіне, ал інісі ағасына бүйрегін берді

Түркістандық қария немересіне, ал інісі ағасына бүйрегін берді. Облыстық клиникалық ауруханада жасалған кезекті операция сәтті аяқталды. 18 жастағы бойжеткенге созылмалы бүйрек ауруының 5-сатысы диагнозы қойылған. Ол жыл басынан бері аптасына үш рет бағдарламалық гемодиализ қабылдап келген. Донор болуға өз еркімен келісім берген әжесі - 60 жаста. Бүйрегін беріп, немересіне жаңа өмір сыйлады.