$462.3 €538.07 ₽5.41
×

Биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында 500 экологиялық іс-шара өтті

AstanaTV
28.08.2026ж. 19:00
Биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында 500 экологиялық іс-шара өтті

«Таза Қазақстан» акциясы миллиондаған отандасымызды біріктіріп, қоршаған ортаға ұқыппен қарау мәдениетінің негізін қалап келеді. Биыл ел бойынша 500 экологиялық іс-шара өтіп, оған 6,1 миллиондай адам, оның ішінде 741 мың ерікті атсалысты. Масштабты жұмыстың нәтижесінде 117 мың гектар жер тазаланып, 813 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Ал елді мекендерді көгалдандыру аясында 1,2 миллион түп ағаш отырғызылды. Сонымен қатар заңсыз қоқыс орындарын жоюға да баса назар аударылуда. Биыл ғарыштық мониторинг арқылы 2 642 стихиялық қоқыс алаңы анықталып, оның 77 пайызы толық тазартылды. Бұдан бөлек, тұрғындардың шағымдарын жедел шешу үшін TazaQazBot цифрлық қызметі мен eGov Mobile арқылы 50 мыңнан астам сұраныс өңделіп, инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр.