$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Қазақстандағы 7 мектеп 395 мың АҚШ доллары көлеміндегі грантты ұтып алды

AstanaTV
12.03.2018ж. 20:00
2652
Қазақстандағы 7 мектеп 395 мың АҚШ доллары көлеміндегі грантты ұтып алды

Қазақстандағы 7 мектеп 395 мың АҚШ доллары көлеміндегі грантты ұтып алды. Бұл қолдау қаржыны Жапония билігі ұсынған. Осы елдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатамен кездесу барысында бірқатар мәліметтер айтылды.

Қаржыландыру «Шөп тамыры» бағдарламасы аясында ұсынылып отыр. Айта кетейік, 20 жылдан бері  коммерциялық емес ұйымдарға көмек беріп келеді. Осы уақыт аралығында 6 миллион долларға 85 жоба жүзеге асқан. Енді Семейдегі 3 мектептің терезелері жаңасына алмастырылады. Шахтинск Жаңаөзен қалалары мен Маңғыстау облысындағы бір ауылдағы нысандарда жылу жүйелері жаңартылады. Қостанай облысының Жетіқара қаласындағы емханада қызмет көрсету түрі көбейетін болады.

Итиро Кавабата, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

Биыл 7 жобаға грант беруді ұйғардық. Өтініш өте көп түсті, сондықтан мұқият болуға тырыстық. Болашағы жарқын жобаларды қарадық, себебі жоспар жүзеге асуы тиіс.