$455.86 €528.84 ₽5.25
×

Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет мүшелері қайта жасақталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет мүшелері қайта жасақталды

Қазақстанның саяси билік жүйесінде бүгін тағы бірқатар ауыс-түйіс болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет мүшелері қайта жасақталды. Премьер-министрдің 5 орынбасары өз орындарын сақтап қалды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары лауазымына Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды. Ал Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы,  Серік Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Жаслан Мәдиев Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды. Қанат Бозымбаев та Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарады. Ал  21 министрліктің 4-еуіне жаңа жетекші келді. Олардың ішінде Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров, Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов, Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев бар. Қалған 17 министр өз позицияларында қалды. Сонымен,  Қаржы министрі - Мәди Такиев, Көлік министрі - Нұрлан Сауранбаев,  Әділет министрі - Ерлан Сәрсембаев, Сауда және интеграция министрі - Арман Шаққалиев, Су және ирригация министрі - Нұржан Нұржігітов болып бекіді. Энергетика министрлігін Ерлан Ақкенженов,  Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін Ерсайын  Нағаспаев басқарады. Елдің бас мұғалімі Жұлдыз Сүлейменова,  бас дәрігері Ақмарал Әлназарова болып қайта тағайындалды. Қорғаныс министрі лауазымына Дәурен Қосанов,  Ішкі істер министрі лауазымына Ержан Сәденов тағайындалды.  Ауыл шаруашылығы министрі болып Айдарбек Сапаров тағайындалды. Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін, Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрлігін басқарады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болып қалды.