Заң мен тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз ету, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру мен экономикалық өсімді жүйелеуді басты басымдық ретінде белгілеген болатын. Мемлекет тарапынан азаматтардың, әсіресе әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қорғау бағытында заңнама елеулі қатаңдатылды. Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі лудомания мен лудормандарға қатысты жазалар күшейіп, шамадан тыс несие алудың алдын алу бойынша арнайы заңдар күшіне енді. Сонымен бірге, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында елдегі құқықтық тәртіпті нығайту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформаларды белсенді жүзеге асыруда.
"Заң мен Тәртіп" қағидатын басшылыққа алып, ел бірлігін көздің қарашығындай сақтап, әділдік қағидатын барынша орнықтыру қажет. Бұл қағидатқа қарсы шығатындар "демократиялық құндылықтар" деген желеумен қоғамға іріткі салып, түбінде қазақ мемлекеттігін жоюды көздейтіні айдан анық.