Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясының демократиялық күштер коалициясы «бес әлеуметтік бастаманы» қолдайды

AstanaTV
14.03.2018ж. 20:00
2875
«Нұр Отан» партиясының демократиялық күштер коалициясы «бес әлеуметтік бастаманы» қолдайды

Елбасының бес әлеуметтік бастамасын қоғам жақсы қабылдап отыр. Бұл бағыттар елдің әл-ауқатын көтеруге ерекше басымдық береді. Алматыда өткен "Нұр Отан " партиясы демократиялық күштер коалициясының отырысына жиналғандар осылай дейді. Партияның Алматы қалалық филиалы төрағасы орынбасарының айтуынша, халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның үстіне мегаполистегі «Алматы жастары», 50 драйверлік бағдарлама сынды жобалар Елбасының 5 әлеуметтік бастамасына сай келіп отыр.

Қайым-Мұнар Тәбеев, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

Әлеуметтік жағдайды тікелей өзгертетін үлкен бағдарламаны қоғамымыз жақсы қабылдап отыр. Сондықтан бұл бағдарламаны жүзеге асыру және оны қадағалау «Нұр Отан» партиясына қосымша жауапкершілік жүктейді. Және біз оның толықтай орындалатынына сенімдіміз. 

«Қазақстан - 2050» демократиялық күштері жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің Шымкентте өткен жиынына да осы тақырып арқау болды. Президенттің «бес әлеуметтік бастамасы» жан-жақты талқыланды. Қатысушылар, халыққа төмен пайызды несиемен баспана алу мүмкіндігі мен салық төлемдерін жеңілдету дер кезінде қолға алынған шаруа дейді. Бұл қазақстандықтардың жағдайын одан әрі жақсартуға бағытталған бастама. Жиын соңынан аймақтық коалиция өкілдері айтылған ұсыныстар мен пікірлер бойынша Үндеу қабылдады. 

Нұрмахан Жолдасов, аймақтық коалиция төрағасы, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Барлығы бір ауыздан үндеуге келді. Сол үндеуді қабылдап, бәріміз Елбасының біздің алдымызға қойып отырған осы үндеуін өте дұрыс деп тапқан жағдайымыз бар. Ал ендігі мәселелердің бәрі, осы орындалу я болмаса атқарылу мәселесінің барлығында да, ол әкімшіліктер тарапында ол жұмыстар атқарылады.