Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанада мүмкіндігі шектеулі 400-ге жуық балаға мешітте дастархан жайылды

AstanaTV
14.03.2018ж. 20:00
5441
Астанада мүмкіндігі шектеулі 400-ге жуық балаға мешітте дастархан жайылды

Астана қаласының әлеуметтік қызмет көрсету орталығы сәуір айынан бастап бір мыңға жуық көмекке зәру жанға қол ұшын созбақ. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар мен қараусыз қалған қарттарға басымдық беріледі. Бүгінде 400-ге жуық кәмілет жасына толмаған мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты көмек көрсетеді. Олар бүгін Әзірет Сұлтан мешітінің имамдарымен бірге ұйымдастырылған «Әз-Наурыз» мейрамына арналған дастарханға шақыртылды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы осындағы балаларға ат терапиясын, логопед қызметі мен психологиялық көмек көрсетіп келеді. Ал Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аяққа тұрған балалардың тұсауын кесу дәстүрге айналған.

Гүлзира Орақбаева, ата-ана:

Аллаға шүкір, жақсарып келеді. Мен басқа да орталықтарға барып тұрамын. Дәрігерлер екі балаң жүреді деген соң, тоқтап қалғым келмейді. Мен сияқты ата-аналарға сенім керек. Мұңаймаңыздар, бәрі жақсы болады деп айта аламын.

Ердәулет Аманбай, Астана қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары:

Мүмкіндігі шектеулі балаларға біздің орталықта 7 маман бар. Ол логопед, дефектолог, музыкалық терапевт сияқты мамандар күніне 30-40 балаға қызмет көрсетіп, емдік шара жүргізеді. Одан қалды, үйлерінде әлеуметтік қызметкерлер сол мамандар жұмысын жалғастырып, күнделікті 400 балаға қызмет көрсетіп отырады.