Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Жас Отан» «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы» тақырыбында видеобайқау жариялады

AstanaTV
14.03.2018ж. 20:00
3786
«Жас Отан» «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы» тақырыбында видеобайқау жариялады

Жастар арасында «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы» тақырыбында видеобайқау жарияланды. Бұл жобаға «Жас Отан» жастар қанаты бастамашы болған. Байқау 14 наурыз бен 4 мамыр аралығында өтеді. Әлеуметтік желілерде қолдау тапқан 10 жұмыстың арасынан қазылар алқасы үздіктерін іріктейді. Байқауға 16 жасқа толған кез-келген қазақстандық қатыса алады. Жобаның мақсаты - жастардың саясатқа деген ерекше, заманауи, креативті көзқарасын қалыптастыру. Сондай-ақ оларды азаматтық ұстанымын білдіруге ынталандыру. Үміткерлердің видеосы 5 минуттан аспауы керек. Әлеуметтік желіде жариялағанда автор "5 бастама" атты хэштегімен белгілеуі керек. Байқау нәтижесінде жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.

Әйгерім Серікжанова, "Жас Отан" жастар қанаты сана бағытының жетекшісі :

Ең креативті ұсынған осы 5 бастаманы өзінің жаңашыл көзқарасын видео арқылы түсіндірген жастар "Canon" фотокамерасы, "Гоупро" және өзге де техникалармен марапатталатын болады.