$450.79 €524.13 ₽5.31
×

Жамбылдағы Қаратау ауылының тұрғындары интернетке зәру

AstanaTV
11.09.2026ж. 19:00
Жамбылдағы Қаратау ауылының тұрғындары  интернетке зәру

Жамбылдағы Қаратау ауылының тұрғындары  интернетке зәру. Облыс орталығынан  небәрі 30 шақырым жерде орналасқан елдімекен жұрты туыстарымен тілдесе алмай әлек. Алыстағы ағайынның амандығын білу үшін олар  қыр басына шығып, сай-саладан «сеть» іздеп шаршаған. Интернеттің игілігін көргісі келетін көпшілік біз де ел қатарлы байланыста отырсақ  екен дейді.

800-ге жуық тұрғын бар Қаратау ауылы қаланың іргесінде тұрса да интернеттен жұрдай. Шекара маңындағы ауыл болғандықтан көпшілігі көрші елдің SIM-картасын қолданады. Өйткені өз еліміздің ұялы байланыс операторынан, өзге елдің желісі жақсы ұстайды екен. Сондықтан жұрт амалсыздан қосымша тағы бір телефон сатып алған. 

ҚАРЛЫҒАШ СЕЙІТОВА, ҚАРАТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мүлдем мақұрымбыз интернеттен. Жастар да көшіп кетіп жатыр ауылдан түк жоқ болғанан кейін. Ойбу қор болдыққой қазірде бірде ұстап бірде ұстамайды. Пық-пық дейді да болды жоқ болады. Онан кейін анааууу қырға шығамыз. Біздер қазір қырға жарамаймыз да.

НҰРҒАЛИ ПАНАПОВ, ҚАРАТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйде оқушы немерелерім балаларым бар. Студенттер бар кейде келетіндер. Ал енді солардың бәрі отырады мына жерде связь жоқ басқа жоқ кетеміз кетеміз деп ауылдан безіп кетеді. Жедел жәрдем келіндер де бар толғататын. Ауырып қалатын балаларда болады. Сол кездерде қысылып қалады адам.  

Ауылға қойылған  байланыс мұнарасының  тарату аумағын кеңейту керек дейді тұрғындар. Өйткені бұл мұнара 300 метрге ғана тарайды. Оның өзі құжат жүзінде, іс жүзінде 150 ге де жетпейтін көрінеді.  Ал аудан шенеуніктері елдімекенде интернет бар дейд,  тек кей жердерде ғаламтор жылдамдығы төмен екенін мойындады. Жұрттың шағымынан кейін  байланыс операторларына арнайы хат жолдапты.

НҰРБАҚЫТ АЛИКОВ, АЙША БИБІ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол жерде бер жағы бас жақтарында интернет жүйесі связь бар. Ұстап тұр. Өзімізде барып жатырмыз. Төменгі жағында лагер дейді бұрынғы сол жақтарда сяз слабый. Kcell компаниясының берген жауабы бойынша жыл аяғына дейін қалпына устранит ету керек. Олар жаңағы зерделеу жүргізіп, жаңартатын апараттарын бәрін жаңартамыз жауап берген.

Аудан әкімдігі тұрғындар сапалы интернетке қол жеткізіп, тұрақты байланыс орнағанша бақылауымызда болады дейді. Бірақ оған жұрт сенбейді. Жылда айтылатын жыр деп отыр. Бұқараның байланысқа қатысты базынасы нақты қашан жүзеге асатыны белгісіз.