Шағын тілік арқылы коронарлық шунттау технологиясы жарақат көлемін азайтып, науқастардың тез сауығуына мүмкіндік береді. Бірегей операция Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасында жасалды. Мамандардың айтуынша бұл әдісте ашық жүрекке жасалатын дәстүрлі тілік едәуір кішкентай болады, сондықтан науқастардың жарақаты тез жазылады. Сондай-ақ отаға қарсы көрсетілімі бар семіздікке шалдыққан азаматтарға да жасай беруге болады.
ТАМИРЛАН МҰҚАЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ № 2 КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ ДӘРІГЕРІ:
Айырмашылығы ол кеудені толық ашпай боковой разрез арқылы 7 сантиметр разрезбен операцияны на работающем сердце деп айтқандай сонымен жүргізуге болады. Бұл операция қолжетімді болып келеді.Бұл операциядан кейін пациенттер кем дегенде 3-5 күн біздің орталықта жатады.Қалыпты өмірін жалғастыра береді.