$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Қызылжарда жүнді мұйызтұмсықтың сүйегі табылды

Қызылжарда жүнді мұйызтұмсықтың сүйегі табылды

Қызылжарда көпір құрылысы кезінде жүнді мұйызтұмсықтың сүйегі табылды. Инженерлік нысан Петропавлдан 5 шақырым жерде салынып жатыр. Ежелгі жануардың қаңқа бөлшектері мен бас сүйегін жұмысшылар анықтаған. Сондай-ақ, жер астынан екі адамның бас сүйегі де шыққан. Құрылысшылар барлық жәдігерлерді жергілікті археологтарға тарту етті. Ғалымдардың айтуынша, жүнді мүйізтұмсық теріскейде палеолит дәуірінде, яғни 15 мың жыл бұрын мекендеген. Аталған жануардың салмағы шамамен бір тонна болған.

АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, АРХЕОЛОГ:

Қазір біз бұл жерді тереңірек қазуды жоспарлап отырмыз. Мүйізтұмсықтың қалған сүйектері жер астында жатыр деп ойлаймыз. Ал қасында табылған екі адамның қаңқасы қай кезеңге жататыны әзірге белгісіз. Егер олар да палеолит дәуіріне тиесілі болса, бұл сенсация болмақ.