$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Павлодарда «Әділет» партиясының өкілдері ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға барды

11.09.2026ж. 19:00
Павлодарда «Әділет» партиясының өкілдері ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған  отбасыларға барды

Павлодарда «ӘДIЛЕТ» партиясы Әйелдер қанатының өкілдері ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға барды. Маклашин отбасы аутизм спекторының бұзылысы бар 2 бірдей  ұл өсіріп отыр. Балалардың анасы қазір жұмыс істемейді, бар уақытын перзенттерін емдеуге, оқытуға арнайды. "Олар толыққанды қоғам мүшесі болса екен" дейді.

ФАРИДА БЕЙСЕМБАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осындай ұйымдардың қолдауының арқасында біздің жұмысымыз алға басады. Заң балалардың құқығын қорғауға, ерекше қажеттілігі бар балаларға денсаулығын түзеп, білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан осындай азаматтарға қолдау көрсеткені  үшін алғыс айтқым келеді.

МАХАББАТ АНАЕВА, «ӘДIЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз әрдайым мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесеміз. Біздің басты миссиямыз балалардың білім алуына жағдай жасап, спортты дамыту. Ата-аналармен кездесу барысында көптеген мәселелермен таныс болдық. Бұл түйткілдердің шешілуіне күш жігерімізді салатын боламыз.