$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторының өліміне күдікті ұсталды. 39 жастағы ер адам Арал ауданының тұрғыны. Оқиға болған күні екі азаматтың  арасында түсініспеушілік туындап, жаға ұстасып қалған. Күдікті ашуға булығып марқұмға ауыр дене жарақатын салған.  Оқиғаның жай-жапсары қазір нақтылануда.

СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Күдікті адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қайтыс болған. Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында болған. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.