$447.88 €516.58 ₽5.29
×

Атырауда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі күдікті заты бар дронды анықтады

Атырауда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі күдікті заты бар дронды анықтады
Фото: ҚР Ұлттық ұланы

Өсімдік тектес зат салынған 11 пакет табылды  

Атырауда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің маңынан ішінде күдікті заты бар ұшқышсыз ұшу аппаратын анықтады, – деп хабарлайды Astana TV

Оқиға сағат 08:30 шамасында болған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінің лейтенанты Мирас Исказиев №15 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен шамамен бір шақырым жерде қызмет атқарып жүріп, жерде жатқан орамы бар дронды байқаған.

Тексеру кезінде орамның ішінен өсімдік тектес жасыл зат салынған 11 пакет табылған.

Әскери қызметші бұл туралы дереу кезекші қызметке хабарлаған. Оқиға орнында қауіпсіздік шаралары қабылданып, табылған зат әрі қарай тиісті тексеру жүргізу үшін құзыретті органдарға тапсырылды. Қазір оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.