Алматыда көршісінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен тұрғын жол апатына түсті. Оқыс оқиға кезінде 5 көлік соқтығысқан. Оқиға Үлкен Алматы каналының бойында болған. Nissan көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, Сарбастау көшесінен батысқа қарай рөлге ие бола алмай, алдында келе жатқан Mitsubishi көлігіне соғылған. Соққы салдарынан тағы бірнеше көлік бірінен соң бірі соқтығысқан. Nissan және Mitsubishi көліктерінің жүргізушілері түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.