Астана қаласының Есіл ауданында Сарайшық көшесінде орналасқан 14 қабатты тұрғын үй кешенінің 13-қабатындағы пәтер мен лоджияда өрт шықты, деп хабарлайды AstanaTV.
Өрт аумағы 15 шаршы метрді құрады.
ТЖД құтқарушылары 2 адамды құтқарып, тағы 5 адамды эвакуациялады.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.