Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шет елдегі мүлкін жасырғандар 250 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды

AstanaTV
22.02.2016ж. 20:00
1215
Шет елдегі мүлкін жасырғандар 250 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды

Жиған-тергенін жасырғандар 250 айлық есепті көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. Шет елде есеп-шоты барларға тықыр таянды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің мамандары мәлімдеді. Келесі жылы жалпыға бірдей декларация тапсыру басталады. Белгілі бір азамат күдікке ілінген жағдайда, құзырлы органдар кез келген мемлекетке сұрау салып, қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады.

Ерлан Сағынаев, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитеті басқарма төрағасының орынбасары:

Егер декларация тапсыратын азамат шет елде ақшасы барын жасырып қалса, оған 250 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал жыл ішінде оның ақшадан бөлек тағы жылжымалы мүлігі бары анықталса, онда айыппұл көлемі екі есе, яғни 500 АЕК болады.

Еске салайық, елде ақша мен мүлікті заңдастыру науқаны жүріп жатыр. 2014 жылы басталған шара 2017 жылға дейін созылады. Мүлікті жария ету шарасы басталғалы бері 704 млрд теңге заңдастырылды. 498 млрд теңгесі Қазақстан аумағында.

Былтыр желтоқсанда тиісті заңға енгізілген өзгерістер көлеңкедегі қаражатты заңдастыруға оң әсер етті. Қазір тіркелген қаражатты банктен кез келген уақытта алуға болады. Бастапқыдай, 10 пайыз алым ұсталмайды. Қаражат тек салық органдарында тіркелсе болғаны. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ