$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Қызылжарда мотоцикл жүргізушісі қала тұрғынын қағып кетіп, жәбірленуші қаза тапты

Қызылжарда мотоцикл жүргізушісі қала тұрғынын қағып кетіп, жәбірленуші қаза тапты

Қызылжарда мотоцикл жүргізушісі қала тұрғынын қағып кетті. 38 жастағы азамат тыйым салынған аралықта жолды кесіп өтпекші болған. Сол кезде көше бойымен бір топ мотоцикл келе жатып, арасындағы бір жүргізуші жаяу жүргіншіні байқамай соғып кеткен. Жедел жәрдем жеткенше   жәбірленуші сол жерде көз жұмды. Ал көлік тізгініндегі азамат түрлі жарақат алған, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Дәрігерлер жан-жақты емдеу шараларын жүргізіп жатыр. Науқастың бас сүйегі зақымданған, қан құйылуы бар. Сонымен қатар өкпесіне қатты зақым келген. Мойнында, кеуде тұсында, жақ сынуы тіркеліп отыр. Қазіргі таңда жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде толық ем қабылдап жатыр.

ЕРЖАН АБАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА АНЫҚТАУШЫСЫ:

Yamaha мотоциклінің 41 жастағы жүргізушісінің қан сараптамасы алынып, оның мас күйде болмағаны анықталды. Қазір полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Құзырлы органмен арнайы экспертиза тағайындалды.