Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Наурыз күндері Астанада 60-тан астам мерекелік шаралар өтеді

AstanaTV
20.03.2018ж. 20:00
3140
Наурыз күндері Астанада 60-тан астам мерекелік шаралар өтеді

Наурыз күндері Астанада 60-тан астам мерекелік шара өтеді. Шаһардағы басты алаңдарда қала тұрғындары мен қонақтары таңғы 10-нан түскі 4-ке дейін концерттік бағдарламалар тамашалай алады. Бұдан бөлек, 21-25 наурызда Тәуелсіздік сарайында түрлі көрмелер өтеді. Бейбітшілік және келісім сарайында екі күн қатарынан «Әзіл әлемі» концерті жоспарланған. Бекзат өнер қызықтаушылары 22-сі мен 24-інде "Астана-Операда" Брусиловскийдің «Қыз Жібегін» тамашалай алады. "Астана концерт залында" "Шаншар" әзіл кеші жоспарланған. Бұл күндері Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры да көрермендеріне тарту жасайды.