$447.85 €513.46 ₽5.31
×

Евгений Федоров Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды

23.09.2026ж. 09:45
Евгений Федоров Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды
Фото: Владислав Семенов

Қазақстан құрамасының өкілі ерлер арасындағы топтық жарыста мәреге екінші болып жетіп, күміс медаль жеңіп алды.

Федоров үшін бұл - Азия ойындарындағы екінші жүлде.

Ол бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында дәл осы топтық жарыста 207,7 шақырым қашықтықта чемпион атанған еді. Сол кезде қазақстандық спортшы 4:25:29 нәтижесімен бірінші болып мәреге жетсе, Алексей Луценко дәл сондай уақытпен екінші орын алған.

Осылайша, Федоров топтық жарыста қатарынан екінші рет Азия ойындарының жеңіс тұғырынан көрінді.