$447.85 €513.46 ₽5.31
×

Азиада-2026: Әлижан Аблағатов ушудан алғашқы медальді жеңіп алды

23.09.2026ж. 16:08
Азиада-2026: Әлижан Аблағатов ушудан алғашқы медальді жеңіп алды
фото: ҰОК

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды  AstanaTV.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу жолында ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл - Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.