$445.65 €508.71 ₽5.3
×

Шымкент тұрғыны 23 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталды

Шымкент тұрғыны 23 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталды

Шымкент тұрғыны  23 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталды. Есірткі саудасымен айналысты деп айыпталған ол  13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот дерегінше,  ол есірткі саудасымен айналысқан халықаралық қылмыстық топтармен байланыста болған. Ұйымдасқандар есірткіні көтерме бағамен сатып алып, басқа елдерге өткізумен айналысқан.  Күдікті  Шымкент-Самара тас жолының бойында қолға түскен. Автокөлікті тексеру кезінде жанармай құю орынынан ұнтақ тәрізді заттар салынған 35 дана пакет табылған. Сараптама нәтижесімен ол заттар 34 келіден астам «героин» есірткі заты екенін анықталды. Осыдан кейін, сотталушы халықаралық іздеуде болып, Ресейде  2024 жылы ұсталып, елге былтыр  жеткізілді. Сот үкімі күшіне енді.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ:

Кінәсін мойындамағанына қарамастан, оның кінәсі куәлердің жауаптарымен, дыбыс жазбаларымен, сараптама қорытындыларымен және басты сот талқылауында зерттелген басқа да іс материалдарымен толық дәлелденеді.

Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұраған. Сотта Е.-нің қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот сотталушыны тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оған түпкілікті 13 мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.