$445.65 €508.71 ₽5.3
×

Мұнай қалдықтарын заңсыз өңдеуді ұйымдастырған күдікті сотталды

Мұнай қалдықтарын заңсыз өңдеуді ұйымдастырған күдікті сотталды
Ашық дереккөз

Қылмыстық жолмен 778 миллион теңге табыс тапқан

Ақтөбе облысында «Kazenergy» жеке кәсіпкерлігінің басшысы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды  AstanaTV.

Тергеу деректеріне сәйкес, сотталған адам аумағы 10 мың шаршы метр өндірістік базада қауіпті қалдықтарды заңсыз өңдеуді және пеш отынын өндіруді ұйымдастырған.

 

Шикізат ретінде пайдаланылған майлар, мұнай шламдары және құрамында мұнай бар өзге де қалдықтар қолданылған. Олар нафтамен араластырылып, айналым әдісімен өңделген.

Алайда кәсіпкерге қауіпті қалдықтарды өңдеуге, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға қажетті лицензия мен экологиялық рұқсат берілмеген, – делінген хабарламада.

 

Нәтижесінде 11 миллион литрден астам пеш отыны сатылып, қылмыстық жолмен 778 миллион теңге табыс алынған.

Сонымен қатар сот оның мүлкін, соның ішінде өндірістік нысанын, автокөліктерін және банк шоттарындағы ақшасын тәркіледі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кету керек, өндірілген пеш отыны ұлттық сапа стандарттарына сай келмеген әрі құрамында зиянды химиялық заттар болған.

Мұндай отынды тұрмыстық және өнеркәсіптік қазандықтар мен пештерде жағу кезінде ауаға улы заттар тарауы ықтимал еді. Бұл өңір тұрғындарының тыныс алу жүйесі мен денсаулығына қауіп төндірген.