$441.89 €502.56 ₽5.19
×

Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның өмір бойғы жазасы өзгеріссіз қалды

Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның өмір бойғы жазасы өзгеріссіз қалды

Шымкент қалалық сот алқасы қоғамды дүр сілкіндірген резонансты іс бойынша бүгін апелляциялық шағымды қарап, түпкілікті шешім шығарды. Сот 21 жастағы Нұрай Серікбайды аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Шерхан Аймаханға қатысты шығарылған бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Еске салайық,  бұған дейін мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот айыпталушыны некеге тұруға мәжбүрлеу, сталкинг және адам өлтіру баптары бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Аймаханның адвокаттары бұл үкімге апелляциялық шағым түсіргенімен, сот алқасы олардың уәждерін негізсіз деп тапты. Қылмыскерге тағайындалған қатаң жаза заңды күшіне енді. Марқұмның туыстары бұл шешімнің әділ әрі заңды болғанын айтуда.