$441.77 €502.38 ₽5.23
×

14 жастағы оқушының өліміне мектептегі жағдайдың қатысы бар ма?

AstanaTV
29.09.2026ж. 19:00
14 жастағы оқушының өліміне мектептегі жағдайдың қатысы бар ма?

Жамбыл облысында 7 сынып оқушысы көз жұмды. Оқиға Қордай ауданында болған. Марқұмның туыстары 14 жастағы ұлдарының өліміне мектепте болған жағдайдың қатысы болуы мүмкін деп отыр. Жақындарының сөзінше, оқушы қайтыс болғанға дейін алгебра сабағында мұғалім мен оқушы арасында түсініспеушілік болыпты. Марқұм сыныптасының өтінішімен тақтадағы жазбаны телефонға түсірген. Оны байқап қойған мұғалім мені неге суретке түсіресің деп телефонмен оны төпелеп, 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын айтыпты. Артынша түсініктеме жазуын сұрап, әкесін мектепке шақыруды тапсырған. Жыламсыраған жеткіншек күртешесін алып сыныптан шығып кетіпті. Оның мектепте жоқ екені ешкім байқалмаған. Одан соң тағы бірнеше сабақ өтседе оны ешкім іздемеген. Әкесін шақыруға үйіне кеткен оқушы арқан алып, көрші тұратын көксінің қорасында асылып қалыпты. Жамбыл облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

БОТАКӨЗ ТЕМІРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.