$439.37 €498.6 ₽5.22
×

Осы аптада бес өңірде жылу беру маусымы басталады

Осы аптада бес өңірде жылу беру маусымы басталады

Осы аптаның соңына дейін Астана қаласы мен Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Абай облыстарында жылу маусымы басталады. Қазірдің өзінде Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан өңірлері мен Риддер қаласы жылуға қосылып үлгерді. Жылу маусымына дайындық барысы бүгін Үкімет отырысында қаралды.  Жауапты ведомство өкілдерінің айтуынша, отын қоры жеткілікті, ал жылу желілерінің дайындығы 99 пайызды құрайды. Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне жұмысты жеделдетіп, жылуды бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға беруді тапсырды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Жекелеген облыстарда жылу беру маусымының санаулы күндері қалды. Әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырамын. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға, балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуге тиіс. Жылыту маусымын уақытылы, белгіленген мерзімнен кешіктірмей бастау қажет. Әкімдер бұл мәселені жеке бақылауға алуы керек.