$439.37 €498.6 ₽5.22
×

Жамбылда «Әділет» партиясының қолдауымен «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» атты облыстық мұғалімдер форумы өтті

AstanaTV
29.09.2026ж. 19:00
Жамбылда «Әділет» партиясының қолдауымен «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» атты облыстық мұғалімдер форумы өтті

Жамбылда «Әділет» партиясының қолдауымен «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» атты облыстық мұғалімдер форумы өтті. Аймақтағы үздік 10 ұстаз өз ара сынға түсті. Қатысушылар эссе жазып, кәсіби қызметі туралы бейнероликтер ұсынды. Ұстаздар өз кейстерін таныстырып, пікірталастырды. Бұл педагогтердің кәсіби ізденісін, заманауи әдістемелерін және тиімді тәжірибесін танытуға бағытталған шара. Яғни, қатысушылар кәсіби қызметінде кездескен нақты жағдайларды, мәселені шешу барысында қолданған тәсілдерін және қол жеткізген нәтижелерін ортаға салды. Өзге педагогтер оны практикада қолданатын болады. Партия осылайша цифрлық мемлекет пен заманауи технологияларды дамытуға, адам капиталын күшейту арқылы құндылықтарға негізделген қоғам қалыптастыруды көздейді. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект білімге жаңа жол ашқанымен, басты мақсаты – балаға сапалы білім мен тәрбие беру арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Үздік атанғандарына қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификат берілді.

АЙМАН ӘШІМОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ» ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТӨРАЙЫМЫ:

«Әділет» партиясы әрқашанда біздің ұстаздарымызда мәртебесін көтеруге дайын. Қазіргі таңда заманауи жасанды интелектерді қолдана отырып, тек қана білім беріп қана қоймай ол біздің азаматтарымызды жаңашыл бастамашылдыққа, үлкен жауапкершілікке, еңбекқорлыққа сонымен қатар отан сүйгіштікке қалыптастыратын ол біздің ұстаздар.