$439.37 €498.6 ₽5.22
×

"Аударма ісі жақсы дамып жатыр", - сарапшы

AstanaTV
29.09.2026ж. 19:00
"Аударма ісі жақсы дамып жатыр", - сарапшы

Бүгін - халықаралық аудармашылар күні. Осыған орай елордада жасанды интеллектінің аударма саласына ықпалы мен тіл сапасын сақтау мәселелеріне арналған кәсіби басқосу өтті. Бүгінде цифрлық платформалар мен жасанды интеллект құралдары аударма ісіне белсенді енгізілуде. Бұл ретте қазақша мәтіннің табиғи көркемдігі мен тілдік ерекшелігін сақтау маңызды. Сондықтан сарапшылар сөзбе-сөз, калька аудармалардың кең таралуына жол бермеу қажеттігі атап өтті. Сондай-ақ, кездесуде сапалы дубляж жасаудың қыр-сыры да сөз болды. Мамандар «Аватар», «Өрмекші адам» секілді әлемдік туындыларды қазақша дыбыстау тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар 10 мың данамен жарық көрген «Oxford Qazaq Dictionary» сөздігі секілді ауқымды тілдік жобалардың маңызы талқыланды. Жиынға отандық тіл мамандары мен филологтардан бөлек, «Disney» және «Amazon» компанияларының сертификатталған сарапшылары, сондай-ақ халықаралық дипломаттар қатысты.

РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ҚАЗАҚ ТІЛІ" ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бізде шынында да аударма ісі кең, түрлі-түрлі бағытта, тармақта жақсы дамып жатыр. аударып жатқан кітап та көп. Дүниежүзіндегі жаңадан шыққан іскерлік әдебиет, ғылыми әдебиет, балалар кітаптары кеңінен аударылып, тарап жатыр. Бұдан бөлек аударма-дубляж көбейіп жатыр.