$439.37 €498.6 ₽5.22

Батыс Қазақстан облысында көкжөтел ауруы 6 есе өсті

30.09.2026ж. 19:00
Батыс Қазақстан облысында көкжөтел ауруы 6 есе өсті

Оралда көкжөтел жұқтырып күркілдегендер күрт көбейді. Былтырмен салыстырғанда науқастардың саны 6 есеге артқан. Дәрігерлердің айтуынша, қауіпті инфекция ауа арқылы таралады. Сондықтан адамнан адамға жұғу қаупі өте жоғары. Егер науқастың мұрны бітеліп, қызуы көтерілсе, тынысы тарылып, құрғақ жөтел үдесе, дереу дәрігерге қаралуы керек. Дер кезінде емделмесе, дерті асқынып, пневмонияға ұласуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, көкжөтел жұқтырған 57 баланың көбі - кезінде екпе алмағандар. Бұған әке-шешесінің келісім бермегені себеп болыпты.

ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА, БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Осы 57 жағдайдың барлығында да 100 пайыз 14 жасқа дейінгі балалардың арасында тіркеліп отыр және біздің мамандар эпидемиялық сұрастыру кезінде 14  жасқа дейінгі балалардың 91 пайызында екпе алмағаны анықталып отыр.