$439.37 €498.6 ₽5.22

Қызылордада мемлекеттен мал сатып алуға бөлінген миллиондар жымқырған

Қызылордада мемлекеттен мал сатып алуға бөлінген миллиондар жымқырған

Қызылордада мемлекеттен мал сатып алуға бөлінген миллиондар жымқырған. 2021 жылы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен «Сыздық Ата»  бірлескен кәсіпорны құрылған. Құны 311 млн теңге болатын  жоба аясында ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту жоспарланған. Соның негізінде корпорация серіктестіктің жарғылық капиталына 151,5 млн теңге құйған. Ол 1 600 қой, 130  ірі қара мал және етті қаптауға арналған жабдық сатып алуға бағытталған. Алайда серіктестік басшысы  «алтын көріп жолдан тайған» көрінеді. Ол инвестициялық жобаны іске асыруға бөлінген қаржының бір бөлігін мақсатсыз жұмсады деп айыпталуда. Күдікті қамауға алынды. Оған тиесілі 2 автокөлікті пайдалануға тыйым салынған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тергеу деректеріне сәйкес, мал сатып алынғаннан кейін ЖШС басшысы қаражаттың бір бөлігін шығару схемасын ұйымдастырған. Нәтижесінде жалпы сомасы 60 млн теңге күдіктінің бақылауындағы «Нұрай» және «Абылайхан» ЖК шоттарына заңсыз аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.