$440.86 €500.77 ₽5.27

Күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді

Күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
ашық дереккөз

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр

 

Шымкентте әйел адам күйеуімен ұрысып қалып, жүрегіне пышақ сұғып өлтірді, деп хабарлайды AstanaTV. 

Қайғылы оқиғаны Шымкент қаласының Полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мен әйелі арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал туындап, салдарынан ер адам пышақ жарақатын алған. Аталған факт бойынша әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген ақпаратта.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.