$440.86 €500.77 ₽5.27

Ақтөбеде заңсыз жазулар мен граффитилердің 10 дерегі анықталды

Ақтөбеде заңсыз жазулар мен граффитилердің 10 дерегі анықталды
Polisia.kz

Ақтөбеде заңсыз жазулар мен граффитилердің 10 дерегі анықталды, – деп хабарлайды AstanaTV. 

Қоғамдық орындардың тазалығы мен қаланың көркін сақтау - баршаға ортақ міндет. Осы бағытта Ақтөбе қаласының аумағында полиция қызметкерлері заңсыз жазулар мен граффитилердің пайда болуының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Рұқсатсыз салынған жазулар мен суреттер қаланың сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп қана қоймай, қоғамдық мүлікке де зиян келтіреді. Профилактикалық іс-шаралар барысында заңсыз жазулар мен граффитилерге қатысты 10 дерек анықталып, заң аясында шара қолданылды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, ортақ мүлікке ұқыпты қарауға және қала тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Заңсыз жазулар мен граффитилерді байқаған жағдайда, бұл туралы полицияға хабарлауға болады.