Өскемен қаласында, Ушанова алаңы ауданында 61 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды AstanaTV.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам терезеден құлап кеткен.
Полицияның мәліметінше, ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Полиция департаменті.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары әзірге жарияланбай отыр. Ер адамның өлімінің себебі мен мән-жайы анықталуда.