$440.86 €500.77 ₽5.27

40 млрд теңге және 2 млн-ға дейін бір реттік доза: ірі есірткі зертханасын ұйымдастырғандар ұсталды

01.10.2026ж. 11:00
40 млрд теңге және 2 млн-ға дейін бір реттік доза: ірі есірткі зертханасын ұйымдастырғандар ұсталды
фото: Polisia.kz.

Қарағанды облысында мефедрон өндірумен айналысқан ірі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды AstanaTV.

Полиция қызметкерлері зертханаға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, трансұлттық қылмыстық топтың екі мүшесін ұстады. Операцияны Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық ҰҚК департаменті және прокуратурамен бірлесіп жүргізді.

Жедел әзірлеме трансұлттық қылмыстық топқа қатысты жүзеге асырылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, топ мүшелері Қазақстан және көршілес мемлекеттер аумағында аса ірі көлемде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды дайындап, кейіннен заңсыз өткізуді көздеген.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде 48 және 28 жастағы екі күдікті ұсталды.