Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ажар Асхат күміс медаль иеленді, деп хабарлайды AstanaTV.
Қазақстандық дзюдошы жартылай финалда Моңғолия өкілі Анужин Уран-Улзиді 11:0 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды. Отандасымыз белдесу барысында вазари және юко әдістерімен ұпай жинады.
Финалда Ажар Асхат Жапония спортшысы Рин Маэдаға есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.