Адам миы өмір бойы бір қалыпта тұрмайды. Халықаралық ғалымдар 1,3 миллион ми жасушасын зерттеді. Анықталғандай, адам санасында екі үлкен бетбұрыс кезеңі бар. Оның біріншісі 24 жаста аяқталса, екіншісі 60 жастан кейін басталады.
Ауқымды зерттеуді Нью-Йорктегі Икан медицина мектебінің мамандары жүргізді. Ғалымдар сәби кезден 97 жасқа дейінгі донорлардан алынған ми үлгілерін молекулалық деңгейде талдаған. Негізгі назар шешім қабылдау, есте сақтау және жоспарлауға жауап беретін маңдай қыртысына аударылды. Бала кезде мида жүйке байланыстары қарқынды қалыптасады. Ал 24 жасқа келгенде бұл процесс бәсеңдеп, ми өзінің толық жетілу кезеңін аяқтайды. Бұл жаста эмоциядан гөрі ақыл-парасат алдыңғы орынға шығады дейді біздің мамандар.
БӘТИС ЛӘТИФҚЫЗЫ, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ДӘРІГЕР-НЕВРОЛОГ:
Мидың саналы түрде шешім қабылдау қызметі 24 жаста толық қалпына келеді. Оған дейінгі қабылдаған шешімдер эмоциямен қабылданған шешімдер болып табылады. Олар толық қанды шешімнің зиян екенн кейін оның нәтижесін ойлана алмай қабылдап қоюуы мүмкін.
НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:
Ғалымдар адам миының өмірлік картасын 3 кезеңге бөлді. 24 жасқа дейін ми белсенді қайта құрылады. 24 пен 60 жас аралығында тұрақтылық фазасына өтіп, нейрондар нақты 24 сағаттық тәуліктік ырғақпен жұмыс істейді. Ал 60 жастан асқанда мида екінші ірі өзгеріс өріс алады.
Егде жастан кейін нейрондардың 24 сағаттық ішкі биологиялық ырғағы әлсірейді. Мұндайда мидың иммундық жасушалары іске қосылып, зақымданған ақуыздарды тазалауға кіріседі. Бұл қартаюдан биологиялық қорғану әдісі. Ал осы молекулалық өзгерістер кезеңінде адамның жаңа жағдайға бейімделуі мен психологиялық дайындығы шешуші роль атқарады.
АНАРГҮЛ ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ:
60 жастан кейін когнетивті өзгерістерге дайын болу керек және де оны бейімдету керек. Себебі адам баласы үнемі дамудан тоқтамау қажет. Шектеу қоймау керек. Сенім болу керек және жақсылыққа өзін сендіру өте маңызды.
Қазр әлемдік ғалымдар Альцгеймер мен деменция сияқты ауыр аурулардың картасын да жасап шықты. Алынған деректер зақымданған жасушаларды ерте анықтап, болашақта әр науқасқа жеке емдеу терапиясын әзірлеуге мүмкіндік бермек.