$447.73 €502.98 ₽5.35

Kazakhstan Sociology Lab мектебінің түлектері өз зерттеулерін ұсынды

Kazakhstan Sociology Lab мектебінің түлектері өз зерттеулерін ұсынды

Жас әлеуметтанушылар өз зерттеулерін таныстырды. Елордада «Ел үміті» қорының Kazakhstan Sociology Lab мектебі түлектерінің 4-і легі оқуларын аяқтады. Бастапқыда 160 өтінім келіп түскен. Соның ішінде сайдың тасындай іріктелген 40 жас сарапшы әлеуметтану ғылымынын басынан бастап меңгерді. Олар, білім беру, медицина және қоғам назарынан тыс қалмайтын мәселелер бойынша зерттеулерін жүргізді. Қор басшыларының айтуынша, 4 жыл ішінде 150 сарапшы осы мектепті тәмамдады. Бағдарламаның басымдығы – әлеуметтанушылар осы зерттеулердің арқасында шетелдік университеттерге түсіп, бастаған тақырыптарын одан ары дамытуда.

ГҮЛІМ ЖҮСІПОВА, «ЕЛ ҮМІТІ» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жас сарапшылардың ерттеулерін қарап, бізге жан-жақтан, мемлекеттік органдардан тапсырмалар түседі. Мысалы, оқу процессі жөнінде сараптама өткізіп берсеңіздер, - деп өтініштерін айтады. Ол сараптамаларды, әлбетте, біз береміз. Осының қорытындысына сәйкес, органдар ары қарай зерттеу немесе жаңашылдықтар енгізу туралы шешім шығарады. Біздің түлектеріміз оқудан кейін жұмысқа тұрады және өз зерттеулерін тастамай, ары қарай жалғастырады.

ЖАНЕРКЕ ШАХТЫБЕК, KAZAKHSTAN SOCIOLOGY LAB МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ:

Қай тақырыптар жиі қозғалды? Нәтижесімен бөліссем, Қазақстанда соңғы жылдары онкологиялық ауруларға қатысты зерттеулер соңғы жылдары артқан. Қазақстан бойынша шетелде эпидемиология, ковид, вирусология тақырыптары жайлы зерттеулер шыққан. Бүкіл әлем ғылым кеңістігінде Қазақстан жайлы вирустық аурулар туралы зерттеулер көп деген тоқтамға келдік.