Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың елге оралуға көмек сұраған өтініштеріне байланысты жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Шетелдегі отандастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ведомство қызметінің негізгі басымдығы болып табылады, деп хабарлайды AstanaTV ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта бірқатар отбасы азаматтарды қайтару бойынша министрлікке ресми түрде өтініш білдірген. Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан өтініштерді қабылдау үшін арнайы жедел желі іске қосылды. Құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың аты-жөні, туған күні, орналасқан жері және еңбек шарттарының талаптары туралы нақты мәліметтер қажет.
Отандастарымызды Отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультациялар жүргізуде. Бүгін Сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілімен кездесті. Сонымен қатар, жақын арада Қазақстанның Ресейдегі Елшісі көрші елдің СІМ және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен келіссөздер өткізеді. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы қосымша хабарланады.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
+7 (7172) 72-05-00
Dks_ast@mfa.kz
ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігі:
+7 (925) 897-71-14
consul.moscow@mfa.kz
ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (906) 177-70-88
astrakhan@mfa.kz
ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (905) 020-30-42
+7 (843) 202 05 92
kazan@mfa.kz
ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (968) 100-73-06
omsk@mfa.kz
ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (939) 919-76-33
ekaterinburg@mfa.kz
ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (981) 916-25-12
+7 (921)-188-90-60
s-petersburg@mfa.kz