Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Astana TV.
Семей қаласында Глинки көшесінде орналасқан ағаш кесу цехының аумағында өрт шықты.
ТЖМ өрт сөндірушілері оқиға орнына барып, ағаш материалдары жанған өртті сөндірді. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы мен 3 жауынгерлік учаскеұйымдастырылды.
Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары жоғары ранг бойынша жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.