Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына заңгерлік көмек тегін көрсетілуі мүмкін

AstanaTV
28.03.2018ж. 20:00
2395
Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына заңгерлік көмек тегін көрсетілуі мүмкін

Тұрмысы төмен отбасылар заңгерлердің көмегін тегін алуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты. Палата жиынында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы қаралған. Қорғаушылар әлдебір істі жеңген жағдайда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан өтемақы сомасының 10 пайызын алады. Бұлай болмауы керек деді төраға. Осылайша, бұл норма екінші оқылымға дейін өзгеруі мүмкін. Адвокаттардан жұмысқа тұрғаны үшін алынатын 800 мың теңге көлеміндегі бастапқы жарна да алынып тасталуы мүмкін. Өйткені бұл соманы жас заңгерлердің қалтасы көтере бермейді. Осындай кедергілер салдарынан елімізде адвокат тапшылығы байқалады. Қазір олардың саны 5 мыңға да жетпейді. Мәжіліс төрағасы сондай-ақ адвокаттар алқасы төрағаларының жылдар бойы ауыспай, бір қызметте отыратынын сынады.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Маңғыстау облысында облыстық алқа президиумын басқарған төрағаның ауыспағанына 25 жыл. Алматы облысында 27 жыл. Атырау өңірінде - 31 жыл. Ал Ақтөбе облысы бәрінен асып түсті - 33 жыл. Бұл бәсекелістік мүлдем жоқ деген сөз. Заңгерлік қызмет көрсетілетін салада бәсекелістік болуы тиіс. Сонда ғана сапаны арттыруға болады.