Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағандылық регресниктер жәрдемақыны 30 пайызға өсіруді сұрайды

AstanaTV
28.03.2018ж. 20:00
2724
Қарағандылық регресниктер жәрдемақыны 30 пайызға өсіруді сұрайды

Қарағандылық регресниктер жәрдемақыны 30 пайызға өсіруді сұрайды. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы регресниктерге жәрдемақыны инфляция деңгейіне сай ғана төлейді. «Қорғау» кәсіподақ ұйымының басшысы, мүгедек шахтерларға ақша бүгінгі жалақыға сәйкес төленуі тиіс, деп отыр.

Марат Миргаязов, «Қорғау» көміршілер кәсіподақ ұйымының төрағасы:

Заңда жәрдемақы инфляция деңгейіне сай көтеріледі делінген.  Сондықтан бізге осы заңды өзгерту керек. Қазіргі шахтерлардың жалақысы өскен кезде, мүгедектікке шыққан кеншілердің жәрдемақысы да көбеюі тиіс.

Кәсіподақ ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 13 мыңдай мүгедек кенші бар. Олар, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы мардымды жәрдемақы төлеуге заңмен міндеттелсе, дейді. 30 жыл бойы көмір қазған Юрий Набоков 2008 жылы жарақат алып мүгедектікке шыққан. Жәрдемақыға компаниямен соттасып жүріп әрең қол жеткізеді. Алайда, былтырдан бері заң өзгерді деген сылтаумен өтемақы 20 пайызға қысқарған. Регресниктер мәселені шешуді сұрап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдапты.

Юрий Набоков, бұрынғы кенші:

Денсаулығымыздан айырылмағанда жұмыс істеп жүрер едік. Маған 2008 жылдың жалақысынан жәрдемақы төлеп отыр. Одан бері айлық қаншама рет өсті. Сондықтан көбейту керек деп есептейміз.