$454.98 €509.53 ₽5.37

Атырауда лифт құлап, адамдар зардап шекті

Атырауда лифт құлап, адамдар зардап шекті

Атырауда лифт құлап, бірнеше адам  зардап шекті. Қаладағы  элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде  жеделсатысы 3-ші қабаттан бірінші қабатқа бірден түскен. Ішінде 4 адам болған. Абырой болғанда, бәрі  аман. 3 тұрғынды жедел жәрдем қызметкерлері облыстық ауруханаға жеткізіп, алғашқы көмек көрсетілген. Кейін үйіне жіберіпті.  Оқыс оқиғадан мұндағы тұрғындар қатты қорқып қалған.

ДАРИЯ МАРАТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ажиотаж болып жатыр, енді адамдар да қорқып жатырмыз. Жаңағы қаншама бала тұрады, кішкентай балалар мінеді, өздері мініп, далаға шығып жүреді ғой, олар да қорқады ғой. Уайымдайды. Таңертең, иә, шум болды, скорыйлар келіп, жаңағы айқайлап жатыр. Басқа лифттерге қарағанда өте жай да, өте жай жүреді, жай көтеріліп-түседі.

АЙБОЛАТ АХМЕТЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мына лифтті өшіріп тастаған. Енді бәрі, шүкір, аман дейді ғой. Бірақ енді мұндай лифттер тұрып қалатын жағдайлар сондай частый емес, бірақ арасында болып тұрады.

Мұндағы жеделсаты соңғы рет 12 жыл бұрын ауыстырылған екен. Қазір мамандар қандай техникалық ақау кеткенін анықтап жатыр. Қалада 567 жеделсаты жұмыс істейді. Тұрғындардан келіп түскен өтініштер негізінде оның 70-ке жуығы ауыстыруды қажет ететіні анықталған.

ЕРБОЛ ҒАБИТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

18 қабатты тұрғын үйдің жолаушылар лифті 3-қабаттан күрт төмендеп, 1-қабатқа тоқтап, 4 адам зардап шеккен. Зардап шеккендерге Атырау облыстық ауруханасында медициналық көмек көрсетілді. 3 адам қажетті медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілді. Бір азамат медициналық көмектен бас тартқан.