$454.98 €509.53 ₽5.37

Алматыда нөсер жауып, жел күшейеді

AstanaTV
05.10.2026ж. 19:00
Алматыда нөсер жауып, жел күшейеді

Алматыда жаңбырдан кейін жол опырылып, қозғалыс қиындады. Салдарынан тұрғындар жұмысқа, студенттер мен оқушылар сабаққа кешікті. Қазгидромет» болжамынша, бүгін де қалада қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті.  Тәулік бойы 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мың арнайы техника кезекшілік етеді. Негізгі күш су жиналуы мүмкін учаскелерге бағытталады. Тұрғындар әлеуметтік желіде жол жөндеу жұмыстарының сапасына наразылық білдіріп жатыр.

Әкімдік ақпаратынша,  Момышұлы және Төле би көшелерінің учаскелерінде инженерлік желілерді қайта құру жұмыстары жүргізілген. Жауын-шашынның мол түсуіне байланысты жекелеген учаскелерде топырақ шөгіп кеткен.  

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ:

Қазіргі уақытта мердігер ұйым жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жолдың негізі нығыздалып, көліктердің қауіпсіз өтуі үшін ұсақталған ескі асфальт пайдаланылады. Ауа райы тұрақталған соң жол толық жөнделіп, жаңа асфальт төселеді.